Главная Регистрация Шалкар Казахстан Мир RSS 2.0
 
Поиск по сайту
 
Панель управления
     
   
•   сайт города Шалкар » Информация » Казакша жаналыктар  
 

РЕКЛАМА
Рекомендуем посмотреть


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разакпен кездесті.
Раздел: Информация » Казакша жаналыктар
 
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разакпен кездесті.сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселесі талқыланды.

Қазақстан Малайзия инвестициясы мен технологиясын бірлескен ғылымды қажет ететін өндірістер құруға, ислам банкингін дамытуға, халал индустрия тартуға жоспарлап отыр.



Казахстанцы – признают, что они самые красивые на планете
Раздел: Информация » Казакша жаналыктар
 
Казахстан, Астана: Исследователи из Национального географического общества США опросили около 3,5 тысяч человек из многих стран мира. Респонденты должны были оценить фотографии жителей 200 стран мира. Казахстан представил фото жителей Алматы и Астаны.

Фото оценивали участники популярной сети Facebook давая оценки такого рода: "ураган", "привлекательный", "приятный", "заурядный", "противный". Больше всего голосов получили казахстанцы – суммарный коэффициент 4,67. Второе место заняли бразильцы, с коэффициентом 4,63. В лидеры вышли кубинцы – 4,11, итальянцы – 4,02 и испанцы – 4,01. Фотографии казахстанцев понравились и жителям Папуа – Новой Гвинеи, Евросоюза, и жители Юго-Восточной Азии. Согласно данному опросу казахстанцы признаны самым красивым народом на планете.



Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматыға жұмыс...
Раздел: Информация » Казакша жаналыктар
 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматыға жұмыс...Индустриялық аймақ – ол Алматының экономикасының перспективалық өсуінің маңызды бөлігі. Аталған жоба заманауи инновациялық негізде өнеркәсіп өндірісін одан әрі дамыту үшін негіз болады, қаланың жалпы өңірлік өнімінің өсімін қаматамасыз етеді.



Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдығына байланысты салтанатты жиналысқа қатысты.
Раздел: Информация » Казакша жаналыктар
 
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдығына байланысты салтанатты жиналысқа қатысты.Қазақстан Президенті атап өткендей, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өте отырып, еліміз 50-ші, 60-шы, 70-ші жылдардағы қазақстандық тұтас ұрпақтың еңбегіне лайықты бағасын беруде. Олардың еңбектегі табыстары, олардың экономиканың негізін қалауға қосқан үлестері тәуелсіз Қазақстанның келешек дамуының іргетасына айналды. Жаңа тәуелсіз елді құрушы қазақстандықтар аға ұрпақ пен сол кезеңдегі басшылардың еңбегін бағалайды.



Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңажылдық құттықтауы
Раздел: Информация » Казакша жаналыктар
 
Құрметті отандастар!

Санаулы сәттерден кейін біз жаңа 2010 жылға қадам басамыз.
Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз.
Аяқталып қалған 2009 жыл біз үшін берекелі, жемісті болды. Бірлігі жарасқан еліміз жаһандық сипаттағы үлкен сыннан сүрінбей өтіп келеді. Біз дағдарыстан шығар жол тауып, жасампаз істеріміз арқылы даңғыл дамуға бет алдық.
«Жол картасы» бағдарламасы бойынша жаңа жұмыс орындары ашылып, құрылыс қарқынды жүрді. Көптеген нысандар бой көтеріп, әлеуметтік мәні зор ірі жобалар іске асырылды. Республикамыздың барлық өңірлерінде жаңа мектептер мен ауруханалар салынды. Жолдар жаңартылып, Қазақстан Еуразия құрлығындағы ірі тасымалдаушы елдің біріне айналды. Энергетика саласында іргелі жетістіктерге қол жеткіздік. Егін бітік шығып, қамбамыз астыққа толды.
Жүргізілген жалпы санақ қорытындысы бойынша халқымыздың саны өсіп, мемлекетқұраушы ұлттың мерейі арта түсті.



Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясында болды.
Раздел: Информация » Казакша жаналыктар
 
Мемлекет басшысы кинстудияның шығармашылық ұжымымен кездесіп, жаңа жобалармен, кино өндірісінің үдерісімен танысты.

Кездесу барысында «Алтын жауынгер» (қоюшы режиссері Тимур Бекмамбетов), «Нағыз полковник» (қоюшы режиссері Егор Кончаловский), «Атажұрт» (қоюшы режиссері Сләмбек Тәуекел), «Махаббаттың тәлкегі» (продюсері Дәулетияров), «Қисынсыз махаббат» (қоюшы режиссері Әмір Қарақұлов), «Бәйтерек» (қоюшы режиссері Данияр Саламат), «Қарғу» (қоюшы режиссері Қанағат Мұстафин), «Арман-қала» (продюсері Әлия Увальжанова), «Астана, махаббатым менің» (қоюшы режиссері Ермек Шынарбаев) сияқты бірқатар жаңа кино-жобалардың көрсетілімі болды.

Шәкен Айманов атындағы киностудия бұдан 30 жыл бұрын салынған, жабдықтары да әбден ескірген болатын. Өткен жылы Мәдениет және ақпарат министрлігіне отандық кинематографияның дамуына баса көңіл бөлу тапсырылды. Ең алдымен техникалық жаңарту талап етілді. Бүгінде киностудия қазіргі заманғы кинокартиналар өндірісіне кең мүмкіндіктер беретін ең заманауи жабдықтармен жарақтандырылған.



Бүгін Мемлекет басшысы Алматыда Еуразиялық Экономикалық қауымдастықтың бас хатшысы Тайыр Мансұровты қабылдады.
Раздел: Информация » Казакша жаналыктар
 
Т.Мансұров Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ЕурАзЭҚ-тың жұмысы және ұйымның Минскіде өтетін саммитке дайындығынан хабардар етіп, Кедендік одақты құру жөніндегі жұмыстар туралы баяндады.

Кездесуде Тайыр Мансұров атап қткендей, Белорусь астанасында 27 қарашада өтетін ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің саммитінде ұйымның одан арғы дамуының мәселелері талқыланады. Сонымен қатар Қазақстан, Ресей және Белорусь елдерінің президенттері ортақ Кеден кодексіне қол қояды деп жоспарлануда.

Т. Мансұров Елбасының ЕурАзЭҚ басшылары алдына бірқатар міндеттер қойғанын мәлім етті. Атап айтқанда, Президент біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру үдерісін жеделдету, сондай-ақ Кедендік одақтың барлық ұйымдастыру мәселелерін пысықтауды тапсырған.



Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы К. Бәйсейітова атындағы опера және балет театрында болды.
Раздел: Информация » Казакша жаналыктар
 
Астаналық театрдың сахнасында А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің 75 жылдық мерейтойы атап өтілді.
Мерейтойлық концерт кезінде Алматы хореография училищесінің оқушылары мен түлектері П. Чайковский, И.Штраус, К.Сен-Санс, Дәулеткерей, Ф.Шопен, Ф. Гайдн және өзге де композиторлардың шығармалары бойынша хореографиялық тундыларды орындады.



Мемлекеттік хатшы
Раздел: Информация » Казакша жаналыктар
 
Бүгін «Ақорда» резиденциясында Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі болып өтті.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк наградалар туралы» Заңына сәйкес мемлекеттiк наградалармен марапаттауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының Парламентi мен Үкiметi, министрлiктер, мемлекеттiк орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар енгiзедi. Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның Ережесі бойынша келіп түскен ұсыныстарды алдын-ала қарап және лайықты азаматтарды марапаттау үшін Комиссия Елбасыға ұсыныс береді.

Қанат Саудабаев өз сөзінде: «Мемлекеттік наградалар - ол жоғары кәсіби қабілеті, сонымен қатар белсенді қоғамдық қызметі мен еңбегі, сондай-ақ, ел мен қоғам алдындағы елеулі, көпшілікке белгілі еңбегінің ресми танылуының белгісі. Комиссияның міндеті - орталық және жергiлiктi мемлекеттік атқарушы органдарының, шығармашылық және еңбек ұжымдарының, сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарын мұқият қарап, белсенді қоғамдық қызметі, елдің экономикасына, мәдениетіне, ғылымы мен білімінің дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ең абыройлы азаматтарды Елбасының қарауына марапаттау үшін ұсыну» - деп атап көрсетті.



Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы алғашқы
Раздел: Информация » Казакша жаналыктар
 
Көлік және коммуникация министрі Ә. Құсайынов Президентке маңызды инфрақұрылымдық нысанның құрылысы аяқталғанын хабарлады. Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша салынған жаңа жол автокөліктің сағатына 150 шақырым жылдамдықпен жүруіне есептелінген. Жобаның жалпы құны 114,4 миллиард теңгені құрады. Құрылыс барысында бір жарым мыңға жуық техника және 3,5 мың адам астам жұмысқа тартылды, 5 бетон шығарушы, 11 асфальтбетон зауыты және 20 уатқыш құрылғы жұмылдырылды.

Алдағы уақытта «Астана – Бурабай» автожолында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол қауіпсіздігін және ауа-райы барысын қадағалау үшін автоматты режімде болатын осы заманғы интеллектуалдық-электронды жүйе енгізілетін болады.




Навигация
 
  • ГОСТЕВАЯ КНИГА

  • Новости Шалкара

  • Новости Казахстана

  • Новости мира

  • Қазақша жаңалықтар

  • Календарь
     
    «    Май 2012    »
    ПнВтСрЧтПтСбВс
     
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
     
    Друзья
     
  • Проза и Лирика
  • Портал для профессионалов
  • Реклама
     
    Реклама
     
    ВАША РЕЛАМА
    Популярное
     
  • Январь 2011
  • В Актюбинской области инспектор застрелил охотника
  • Апрель - жара
  • Қазақстан Президенті Нұрсұлтан ...
  • Погода В городе
     
    Прогноз погоды в городе Шалкар
    Не забывайте кликать по рекламе на сайте:)
    Реклама
     
    Реклама
    Реклама
    Облако тэгов
     
    13 зубов, 7 главных ошибок, Honda, Актобе, Актобе и Вердер, ВАЖНО, Газета «Республика» может закрыться, Глава государства Нурсултан Назарбаев, Изменили мир к лучшему, Кому в Казахстане жить хорошо, Мила Йовович, Нашествие НЛО, Нурсултан Назарбаев, Описание Челкара, Получить квартиру в новом доме, Приказали: долго жить, Совещания, Спасенный челкарцами, Указы, Украина готова к войне, Шалкар, Южная Корея, встречи, дела Джакишева, законы, заседания, из Шалкарской пустыни, коктейляvb, модель Playboy опознали по груди, пытались зарезать, распоряжения, скончалась, столкнулись вертолет и самолет, что будет с курсом доллара и когда очередные выборы, южнокорейский спутник
    Статистика
     
    Архив новостей
     
    Апрель 2012 (4)
    Февраль 2012 (17)
    Январь 2012 (9)
    Декабрь 2011 (10)
    Ноябрь 2011 (2)
    Сентябрь 2011 (9)
    Блогун - монетизируем блоги
    Главная страница   |   Регистрация   |   Добавить новость   |   Новое на сайте   |   Статистика   |  ***
    COPYRIGHT © 2009 - 2011 AsSaStudio.Ru All Rights Reserved.
    Первый независимый сайт города Шалкар © 2009-2012
    Все права защищены © 2009-2010  
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта   Яндекс цитирования   тИЦ и PR сайта